Ереуіл салдарынан Гамбург әуежайы жабылды

816
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Гамбург-Фульсбюттель әуежайының қызметкерлері күтпеген жерден ереуілге шығып, 9 наурызда әуежайдың  жұмысы толық тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BILD басылымына сілтеме жасап.

Verdi кәсіподағы қызметкерлердің ереуілін жариялаған. Бұл жолаушылар үшін үлкен күтпеген жағдай болды.

Әуежайдың ресми сайтында Verdi кәсіподағының ереуіліне байланысты әуежайдың жабылғаны туралы шұғыл хабарлама жарияланды.

Күні бойы барлық рейстер тоқтатылып, жолаушыларға өз рейстері туралы ақпарат алу үшін әуе компанияларына жүгіну ұсынылды. Көптеген жолаушылар жағдай туралы тек соңғы сәтте электронды пошта мен мессенджерлер арқылы білген.

Жағдай одан әрі күрделене түсуі мүмкін екені айтылуда.

Verdi кәсіподағы дүйсенбі күні Берлин, Ганновер және Франкфурт әуежайларында жаңа ереуілдер болатынын алдын ала хабарлады.

 

Пікірлер