Вестминстер сарайындағы Елизавета мұнарасына шыққан палестиналық белсенді 16 сағаттан кейін түсірілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Independent басылымына сілтеп.
Ер адам Палестина туын жайып, Лондонның басты көрнекі орындарының бірінде тұрып, әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізген.
Жалаңаяқ болған ер адам құтқарушылар мен келіссөз жүргізушілердің оған жерге түсу туралы өтініштерін қабылдамай, қауіпті биіктіктен кетуден бас тартқан.
Оған бірнеше рет көтергіш платформа жіберілгенімен, келіссөздер нәтиже бермеген. Тек үшінші әрекеттен кейін оны мұнарадан түсіру мүмкін болған.
Белсенді жергілікті уақыт бойынша түн жарымда (Астана уақытымен 05:00) қауіпсіз түрде түсірілді.
Вестминстер полициясының мәліметінше, белсенді жерге түскен сәтте-ақ қамауға алынған.