Ресейдің екі өңірінде Telegram бұғатталды

979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-03-at-16.24.51-960x500.jpeg?token=83e5044039dae03f6bc22c2e72428df1
РФ Дағыстан және Шешенстан аймақтарында Telegram мессенджері толығымен бұғатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі Юрий Гамзатовтың мәліметінше, бұл шара құқық қорғау органдарының ұсынысымен енгізілген. "Солтүстік Кавказ федералды округінің екі аймағында – Шешенстан мен Дағыстанда Telegram бұғаттау туралы шешім қабылданды. Себебі оны арам пиғылды адамдар жиі пайдаланып кетеді. Бұған Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктер дәлел. Алдағы уақытта мессенджерге салынған шектеу алынып тасталуы мүмкін", – деді министр. Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Солтүстік Кавказ өңірінде Telegram-ның жұмысы тұрақсыз болған. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға басқа мессенджерлерді қолдануға кеңес беруде.
Комментарии