90 миллион теңге. «Қазақмыс» марқұм кеншілердің несиесін өтеп берді

964
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/kazakhmys_official
Фото: instagram.com/kazakhmys_official

«Қазақмыс» корпорациясы қайтыс болған кеншілердің екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы негізгі қарыздарын өтеп берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл мақсатқа жалпы 90 миллион теңге бөлінген. Қалған берешектерін отбасылар өз бетінше өтеуі қажет.

Бұған дейін компания марқұм кеншілердің отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы (84-142 млн теңге), жерлеу рәсіміне 550 АЕК (2,2 млн теңге) жәрдемақы төлеген болатын.

Сондай-ақ, "KM Life" сақтандыру компаниясы әр отбасына 100 АЕК көлемінде жерлеу шығынын өтеді.

Кеншілердің балалары 23 жасқа толғанға дейін ай сайын 524 мыңнан 921 мың теңгеге дейін сақтандыру төлемін алады. Бұл төлемдер жыл сайын инфляцияға байланысты индекстеледі.

Қазіргі уақытта кеншілердің туыстарын жұмысқа орналастыру және жоғары оқу орындарында оқитын студент балаларының оқу ақысын төлеу мәселесі қарастырылуда.

Пікірлер