Жансақтау бөлімінде. 11 жастағы бала ыстық су толы кәріз құдығына құлап кеткен

861
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ақтауда 11 жастағы бала ыстық суға толы кәріз құдығына құлап кетіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған.

Бала ауыр күйік жарақатын алған, дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

"2014 жылы туған науқас жамбас, сирақ және табан бөліктерінен ІІ-ІІІ дәрежелі күйік алған. Денесінің 30%-ын күйік шалған. Қазір есін біледі, жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Травматологтармен бірге жарақаттарды хирургиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Полиция бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы ("Сапасыз құрылыс") бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пікірлер