78 жастағы және жақын арада Америка тарихындағы ең қарт президент атанатын Дональд Трамп алдағы апталарда жыл сайынғы физикалық тексеруден өтеді. Бұл туралы ол Ақ үй сенбі күнгі мәлімдемесінде жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.
«Президент Дональд Трамп өз жыл сайынғы медициналық тексеруін келесі айда Уолтер Рид атындағы Ұлттық әскери-медициналық орталықта өтеді», — делінген онда.
АҚШ-тың 47-ші президентінің жеке дәрігері, Ауғанстан мен Иракта қызмет атқарған бұрынғы әскери дәрігер Шон Барбабелланың айтуынша, Трамптың медициналық тексеруінің күні келесі бірнеше апта ішінде жарияланады.
Трамп алкоголь ішпейтіні және темекі шекпейтініне қарамастан, оның фастфуд пен стейк жегенді ұнататыны белгілі, ал физикалық жаттығуларының негізгі көзі - гольф.
Оның бірінші мерзіміндегі 2018 жылғы медициналық тексерісі президентке 10-15 фунт (4,5-7 кг) салмақ тастау керекгін көрсеткен, бірақ жалпы алғанда оның денсаулығы «өте жақсы» деп бағаланған.
Келесі жылы жүргізілген тексеру нәтижесінде Трамптың бойы 1,9 метр, салмағы 110 келі болғаны анықталды, бұл оның президенттікке кіріскен кездегіден сәл көбірек. Сондықтан онда сол кезде техникалық тұрғыдан біршама артық салмақ болған.