Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы 2 наурызда Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстандық спортшы 500 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 34,46 секунд. Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті – 34,51 секунд. Қола жүлдені нидерландтық Еннинг Де Боо иеленді – 34,52 секунд»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін осы Әлем кубогының кезеңінде Кошкин үшінші орын алған болатын.