ХАМАС бас тартқан. Израиль Газа секторына гуманитарлық көмекті тоқтатты

870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/63bee263-2e56-40eb-b115-1da3b41089cb-960x500.jpeg?token=8718ba01d644e0f4f4e39240b1419905
Израиль 2 наурыздан бастап Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізуді тоқтатты. Бұған ХАМАС-тың АҚШ ұсынған жаңа бітімгерлік келісімді қабылдаудан бас тартуы себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі мәлімдеді, деп жазды РИА Новости. 2 наурызға қараған түні Газа секторындағы 42 күнге созылған уақытша бітім аяқталғаннан кейін, Израиль билігі АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың бітім мерзімін ұзарту жөнінде жаңа ұсыныс жасағанын хабарлады. Өйткені, қазіргі таңда Израиль мен ХАМАС арасында соғысты толық тоқтату мәселесінде келіспеушіліктер шешілмей отыр. Нетаньяху кеңсесінің мәліметінше, Израиль бұл жоспарға келісті, алайда ХАМАС қабылдамаған. "Тұтқындарға қатысты алғашқы келісім аяқталғаннан кейін және Уиткофф ұсынған келіссөздер форматын ХАМАС-тың қабылдаудан бас тартуына байланысты, Израиль премьер-министрі Нетаньяху бүгіннен бастап Газа секторына тауарлар мен жеткізілімдерді тоқтату туралы шешім қабылдады", – делінген мәлімдемеде.
Комментарии