Әнші Асқар Дүйсенов жол апатынан қайтыс болды

1650
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/askar_tamada
Фото: instagram/askar_tamada

Ақмола облысында орын алған жол-көлік оқиғасынан әнші әрі асаба Асқар Дүйсенов көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

28 ақпанда Астана – Петропавл тасжолының 31-ші шақырымында "Газель" мен Volkswagen Polo маркалы көліктері соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі, белгілі әнші Асқар Дүйсенов қаза тапқан.

Қайғылы хабарды естіген өнердегі әріптестері мен жақындары марқұмның отбасына көңіл айтуда. Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы, Кішкенекөл ауылында өтеді.

Ақмола облыстық Полиция департаменті жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда. Процестік шешім қабылданды", – деп хабарлады ведомство.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер