25 ақпан күні Суданның Омдурман қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 46 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Аssociated Press-ке сілтеме жасап.
Қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.
Бұл оқиға елдегі соңғы жиырма жылдағы ең ауыр әуе апаттарының бірі ретінде бағалануда.
Ұшақ Вади-Сайидна әскери әуе базасынан ұшып шыққан кезде апатқа ұшыраған.
Алғашында 19 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Дегенмен, кейіннен бұл көрсеткіш 46 адамға жетті. Кемінде 10 адам жарақат алған.
Каррари ауданындағы бірнеше тұрғын үйге зақым келген.
Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Билік оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.