Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қоймақ

947
Adyrna.kz Telegram

Елімізде жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Негізгі мақсат — тараптардың баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген өзара мүдделілігі мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қол қойылған меморандум аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде сатылым бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Өз тарапынан Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді»,—делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігімен бірге заңсыз импорттық жұмыртқаларды нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды.

Сауда және интеграция министрлігі меморандум аясында баға мониторингін жүргізіп, оның шарттарының орындалуын бақылайды.

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Ұлттық статистика бюросы сарапшылары елімізде жұмыртқа құны орташа есеппен 11,6%-ға қымбаттағанын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Пікірлер