Норвегиялық гроссмейстер Алматыны «өте лас қала» деп атады

1005
Adyrna.kz Telegram

Шахматтан экс-әлем чемпионы Магнус Карлсен танымал подкастер Джо Роганға берген сұхбатында Алматыда өткен шахмат чемпионаты туралы пікірін бөлісті. Ол шаһардағы экологиялық жағдайға көңілі толмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шахматтан әлем чемпионаттары көбіне ерекше жерлерде өтеді. Бұл чемпионат Алматыда өтті. Ал бұл өңір, кем дегенде қыста, өте ластанған және аса жайлы емес. Алматының төменгі бөлігінде, қала ішінде болу мүлдем мүмкін емес», — деді норвегиялық гроссмейстер.

Десе де, спортшы қаладан бір сағаттық жерде көз тартарлық таулар бар екенін, онда тамаша уақыт өткізуге болатынын атап өтті. Ол қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның табиғаты ерекше әсер еткенін жеткізді.

«Қаладан бір сағаттық жерде сіздерде Альпіге ұқсас керемет таулар бар. Олар 3,5 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, таңғажайып көрініс сыйлайды. Тау басына шығып, керемет шаңғы демалысын өткізуге болады», – деді Карлсен.

Еске салайық, норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен Алматыда жедел шахмат бойынша (рапид) өткен 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер