Танымал әнші Дженнифер Лопестің концертінді бір қазақ қыз “I am from Kazakhstan” деп айқайлап тұр. Дженнифер “Атың кім”, - десе, бұл қыз өз атын ұзартып, ағылшынша одан сайын қиындатып, орыстың “а” жұрнағын қосып, “Бинура” дейді ғой. Бұған әншінің тілі келмей, “пилюля” деп залды бір күлдірді.
Сол жерде атын қазақшалап, түпнұсқада Бинұр десе, әлдеқайда абыройлырақ болар еді ғой…
Біздегі кілең қыздардың атына жабысқан “а” жұрнағын “russian suffix” деп айтып көрсінші, сол жерден-ақ концерттен қуып шығар ма еді, кім білсін…
Біз де Италияға Андреа Бочеллидің концертіне бардық, танысқан адамға атымызды түпнұсқада қазақша айттық, бәрі құрметпен қарады. Сірә, өз ұлтын, тілін сүйіп, басқа ұлт өкіліндей көрінбеуге тырысатын адамдарды барлық жерде сыйлайды… Қазақтың әп-әдемі аттарын қиындатпайықшы, осы! Америкалықтар мен еуропалықтарға біздің аттарымызды орысша емес, қазақша нұсқада айтқан әлдеқайда оңай.
Kamshat Tasbolat