Ақмола облысында Халық әртісі, қазақ мәдениетінің аса көрнекті тұлғасы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән аға-Шәмші аға» дәстүрлі байқауы өтті.
Бар ғұмырын ән әлеміне арнаған, артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырған композитордың «Қазақстаным» әні гимнге айналып, қазіргі таңда еліміздің әрбір жеңісінде әлемнің түкпір түкпірінде шырқалады.
Байқауға қатысқан 40-тан астам таланттар Шәмшінің әндерін классикалық стилінде және эксперименталды жаңашыл аранжировкада орындап, «Көкшетау» мәдениет сарайында өткен қорытынды гала концертте өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етті. Әсем сазды сыршыл Шәмші әндерін орындаушы өнерпаздар көрермен қошеметіне бөленді.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иегері Қосшы қаласынан
- Жүлделі І орынды Целиноград ауданының “Достар” вокалдық тобы иеленді.
- Жүлделі ІІ орынға Аршалы ауданынан Әйгерім Ахметова ие болса,
- Аида Әбілқасым (Көкшетау қаласы) ІІІ орынды місе тұтты.
Сонымен қатар, қатысушылар арасында Шортанды ауданының өнерпазы Айбат Маратов «Үздік аранжировка» номинациясының жеңімпазы атанды.


Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кеш қонағы Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева өнер сүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.