Тағы бір балабақша. Өскеменде баланы итерген тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

1001
Adyrna.kz Telegram

Өскемен қаласында балаларды итеріп, дөрекілік танытқан тәрбиешінің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы видео желіге тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ата-аналар видеода тәрбиешінің балаларды итеріп жатқанын, кейбір балалардың бетінде көгерген іздер байқалғанын айтып жатыр. 

«Тәрбиеші балаларға қатал қараған. Ойыншықтарды өзіміз сатып алып берсек те, олармен ойнатпаған. Егер жыласа, оларды күшпен итеріп жіберген. Бір кадрда ұйқысы келіп отырған ұлымды дәретханаға жетектеп апарып, ішінен балам малмандай су болып шыққанын көрдім. Басқа бір баланың беті көгерген. Осы баланың анасы видеоны көрсетуді талап етті. Біз осы жағдайларға бейжай қарай алмай полицияға хабарластық. Бірақ ешқандай кері байланыс болмады. Ал біздің арызымызға басшылық назар аудармады. Тіпті кешірім де сұрамады. Ұлымда да көгерген іздер бар. Осыдан кейін журналистерге хабарласуға тура келді», – деді балалардың бірінің анасы Дана Кабдуллина.

Ата-аналар ай сайын 70 мың теңге төлейді. Басшылық барлық тәрбиешілердің жоғары білімі мен мол тәжірибесі бар екенін айтқан. Алайда, кінәлі тәрбиеші арнайы орта білімді болып шықты.

ШҚО Білім басқармасы жанжалдан кейін тәрбиешіні жұмыстан босатып, материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырғанын хабарлады. Қалалық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

Бірақ ата-аналар балабақша басшылығының жауапкершілікке тартылмайтынын, ал жұмыстан шығарылған тәрбиешінің басқа балабақшаға орналасуы мүмкін екендігіне алаңдайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдёт за 5 минут благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер