Қосымша құн салығын оңтайландыруға депутаттың дәргейі жете ме?

1280
Adyrna.kz Telegram

Қосымша құн салығын өсіру ұсынысына депутатттар әртүрлі баға береді. Бірақ олар төменгі шекті мөлшерді 15 млн теңгеге дейін түсірулі құптамайды.

Үкіметтің «Қосымша құн салығын 12 пайыздан 20 пайызға дейін көтереміз» деген бастамасы көпшілікті алаңдатқан болатын. Кейін Президент отандық бизнес өкілдерімен кездескенде қосымша құн салығы – ҚҚС мәселесін тағы да пысықтау жөнінде тапсырма берді. Іле-шала Олжас Бектенов басқаратын министрлер кабинеті ҚҚС 12 пайыздан 16 пайызға көтеретінін жариялады. Үкіметтің ұстанымына Мәжіліс депутаттары не дейді?

«ШЕКТІ МӨЛШЕРДІ 15 МЛН ТЕҢГЕГЕ ТҮСІРУ ДҰРЫС ЕМЕС»

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметтің ұсынысымен ішнара келісетінін айтады. Әйтсе де ол ҚҚС байланысты төменгі шекті мөлшерді 15 млн теңгеге түсіруге қарсы екенін ескертті.

«Мүмкін үлкен пайда тауып байып отырған өндірістерге 16 пайыз ҚҚС төлеттіру керек шығар. Ал енді ауыл шаруашылығы мен шағын және орта бизнеске бұл үлкен жүктеме болуы мүмкін. Оларға президент айтқандай дифференцант жасау керек шығар. Бұл жерде Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі қолдауды қажет ететін кәсіпкерлерді ҚҚС қоспау керек», - дейді ол.

Депутаттың пайымдауынша, кім кәсіпкерліктен жақсы табыс тауып жатса, оған 16 пайыз ҚҚС салу керек.

«ҚҚС төлейтіндерді 15 млн теңгеге дейін түсіруге өз басым келісе алмаймын. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер бизнесін бірнеше бөлікке бөлшектеп тастайды. Сондықтан қазіргі қойылған меже бизнесті жүргізіп отырған азаматтар үшін оңтайлы деп ойлаймын. Сол себепті 15 млн өте төмен түсіріп жіберген шек деп есептеймін. Мысалы қазіргі таңда 30-40 млн теңге көлемінде болса да жарайды»,- дейді Еділ Жаңбыршин.

ПЕРУАШЕВТІҢ ПОЗИЦИЯСЫ

«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Үкіметтің ұсынысымен келіспейтінін аңғартты.

«Біз Үкіметтің ұсынысымен келісе алмаймыз. Расында біз бюджетті толтыруымыз керек. Президент өзі ірі бизнесмендермен кездескен кезде Үкіметке цифрлармен ойнаумен емес, әр бір ұсынысты нақты есеппен ұсынуды ұсынды. Үкімет 20 пайыздың орнына ҚҚС 16 пайызға түсіреміз деп жатыр. Бірақ олар бұл цифрларға қалай келгенін есептеп көрсеткен жоқ. Үкіметтің ұсынысы Мәжіліске ресми түскен кезде олармен бірге есептеуге даярмыз. Бірақ әзірге осы цифрларды дәлелдейтін, яғни ол бюджет пен бизнеске қалай әсер етеді деген цифрларды көрген жоқпыз. әзірге мұндай ұсыныспен келісу қиын. Біз оған келісе алмаймыз», – деді ол.

Әдетте Мәжіліс Үкімет ұсынған заңды немесе жобаны қатты сынап алып, кейін мақұлдап жібереді. Осыны ескерген журналист «Парламент Үкіметтің ұсынысына қарсы екенін байқап отырмыз. Бірақ құжат мәжіліске келген кезде осы ұстанымдарыңызда тұра аласыздар ма?» деп Мәжіліс депутатынан сұрақ қойды.

«Естеріңізде болса «Ақ жол» фракциясы жыл сайын Үкіметтің бюджет есептерін қарастырған кезде өз пікірін жасырмай айтып келе жатыр. Сондай-ақ ауызша ғана емес, дауыс беру кезінде де өз позициямыздан тайған жоқпыз», - дейді Мәжіліс депутаты.

«БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН ЗАҢДЫ БІЗ ҚОЛДАМАЙМЫЗ»

Respublica партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Азат Тұрлыбекұлымен салыстырғанда арыны бәсең көрінді.

«Менің ойымша, ҚҚС әр түрлі деңгейде салынады. Біреулерге –16 пайыз, екіншілерге – 10, басқаларға 0 пайыз деңгейінде болады. Қазір біз кімге – 16, кімге – 10 немесе мүлде ҚҚС салынбайтын салалардың тізімін көрген жоқпыз. Егер де мұнай секілді байлығымызды қолданып жүрген алпауыт мекемелер болса, олардан неге 16 пайыз ҚҚС алмасқа? Мәжілісте кімге – 16, кімге 10 пайыз ҚҚС тиесілі екенін анықтаймыз. Әлі Үкіметтің ұсынысы Мәжіліске келген жоқ. Бұл туралы алдын ала баға беруге әлі ерте», - деді ол.

«Бұған дейін Respublica партиясының Мәжілістегі өкілі Руслан Берденов ҚҚС қарсы пікір білдірген еді. Партия Үкіметтің бастамасына қарсы бола ма, жоқ әлде қолдай ма?» - деген журналист сұрағына Айдарбек Асанұлы былай деп жауап берді.

«Біз біріншіден, кәсіп жасап жатқан азаматтарды қорғаймыз. Себебі біздің шыққан жеріміз кәсіпкерлік орта және бізді қолдаған азаматтардың ішіндегі кәсіпкерлер бізге үлкен үміт артып жатыр. Сол себепті біз Салық кодексінде солардың мүддесін қорғайтын партия боламыз. Біздің ұстанымымыз Салық кодексіне әділ түзетулер енгізілсін дегенге саяды  және біз бизнеске кедергі келтіретін заңды біз қолдамаймыз», - деді ол.

ШЕКТІ МӨЛШЕР МЕКТЕЛЕ МЕ?

Үш депутат та ҚҚС шектік бағасын 15 млн дейін түсіруді қолдамайтынын аңғартты. Еділ Жаңбыршин мұндайда кәсіпкерлер бизнесін бөліп тастайтынын айтса, Азат Перуашев Үкімет шекті мөлшерді 15 млн теңгеге түсірсе, кәсіпкерлер салықты шамадан тыс төлейді дейді.

Ал Айдарбек Қожаназаров «Бұл Үкіметтің әу бастағы ҚҚС 20 пайыз етеміз» деген ұсынысы секілді көрсеткіш шығар. Үкіметтің ҚҚС қатысты саясаты 20 пайыздан 16 пайызға дейін түсті, енді бұл көрсеткіш те  өзгереді деп ойлаймын»,- дейді.

«Шағын және орта бизнеске қарағанда, әсіресе микробизнестегілер олигарх емес. Бұлар – өзіміздің қарапайым халық. Жылына 15 млн теңге тапқан адамның ақшасын 12 айға бөлсек, 1 млн 200 мың теңгеден келеді. Бұл айналымнан өз қалтасына қанша қаржы түседі? Негізінде орташа табатын табыс 15-20 пайыз. Яғни, 1 млн теңгеден 200 мың теңге табыс табуы мүмкін. Ал 200 мың теңге – қазіргі статистика бойынша орта жалақыдан төмен көрсеткіш. Сол себептен біз оларға салынатын салықты жеке табыс салығы секілді 10 пайыздан көбейтпеуіміз керек», - дейді депутат Айдарбек Қожаназаров. .

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер