Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

1100
Adyrna.kz Telegram

Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматыда дүниеге келген.

С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. 1997-1999 жылдары ол премьер-министрдің көмекшісі қызметін атқарған. Осы жылдары Сыртқы істер министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде қызмет етті. 2023 жылдың маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған.

Осыған дейін Тамара Дүйсенованың Президент көмекшісі қызметіне тағайындалғанын хабарладық.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер