14 ақпан: Жүрекке емес, санаға азық сыйлаңыз!

1094
Adyrna.kz Telegram

14 ақпан көбіне Әулие Валентин күні немесе ғашықтар күні ретінде танымал. Алайда, соңғы жылдары бұл күнді кітап сыйлау мерекесі ретінде тойлап жүрміз. Бұл мерекенің бастауы қай кезден бері бар?

2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда Халықаралық кітап сыйлау күні (International Book Giving Day) аталып өтеді. Бұл мереке кітаптарды балаларға сыйлап, олардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.  

Кейбір мерекелер БҰҰ немесе басқа халықаралық ұйымдардың бастамасымен пайда болса, кейбірі мемлекеттік, діни немесе кәсіби мейрамдар болып табылады. Ал «Халықаралық кітап сыйлау күні» – халық арасынан шыққан ерекше мереке. Оны алғаш рет америкалық Эмми Бродмур – балаларға арналған кітап сайтының негізін қалаушы – бастама ретінде көтерген.  

Эмми Бродмур үш баланың анасы болған. Бір күні ұлы одан: «Неге адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын арнайы күн жоқ?» – деп сұраған. Осы сауал оны ойландырып, 2012 жылы Эмми өзінің блогер достары, әлеуметтік желідегі таныстары және әріптестері арқылы Халықаралық кітап сыйлау күнін ұйымдастыруды қолға алады.  

Баланың қарапайым сұрағы мен анасының бастамасы бүкіл әлемге тарап, миллиондаған адамның қолдауына ие болды. Осылайша, 14 ақпан тек ғашықтар ғана емес, кітап сүйер қауым үшін де ерекше күнге айналды.  

14 ақпанда адамдар кітаптарды негізінен балаларға, сондай-ақ кітап оқуға мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйға тартады. Бірақ кітап оқуды жақсы көретіндер тек балалар емес. Бүгінде көптеген ересектер кітаптың рухани құндылығын, оның адамға беретін әсерін, автор жеткізген эмоциялар мен ойлардың маңыздылығын түсінеді.  

Балалар үшін кітап – тек білім көзі ғана емес, сонымен қатар оларды мейірімділікке, достыққа, бір-біріне көмектесуге, жақындарына деген сүйіспеншілікке және жанашырлыққа үйрететін құрал. Ал осы қасиеттер оларды шынайы адам болуға жетелейді.  

Бұл мерекені ұйымдастырушылар кітаптың маңыздылығын естен шығармауға шақырады. Өкінішке қарай, әлемде әлі күнге дейін кітап оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар бар. Кейбіреулері қаржылық қиындықтарға байланысты, ал кейбіреулері әлеуметтік жағдайына байланысты кітапқа қол жеткізе алмайды.  

Жетімханалар, балалар үйлері, арнайы интернаттар мен ауруханаларда өмір сүріп жатқан балалар үшін кітап үлкен қуаныш сыйлай алады. Үйіңізде сіз оқып бітірген немесе балаларыңызға қажетсіз болып қалған кітаптар болса, оларды осындай мекемелерге сыйға тарту – игі іс.  

Қазіргі заманда гаджеттер адамның басты серігіне айналғанымен, кітап оқудың орны бөлек. Кітап – тек ақпарат көзі ғана емес, адамның ойлау қабілетін дамытатын, рухани байытатын, жаңа әлемдерге жол ашатын ерекше құрал.  

Сондықтан 14 ақпанда жақындарыңызға немесе кітапқа мұқтаж жандарға бір кітап сыйлап көріңіз. Мүмкін, дәл сіздің сыйлығыңыз біреудің өмірін өзгертетін шығар!

Анель Әлімбекқызы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер