Президент қабылдайды. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Астанаға келді

2222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-11-at-18.22.47.jpeg
Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ТАСС агенттігінің мәліметінше, сапар барысында Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестері аппараттарының екіжақты консультациялары өтеді. Сондай-ақ, Шойгу Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесіп, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, Орталық Азиядағы ахуал, Сирия мен Ауғанстандағы жағдайды талқылайды. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хабарлауынша, Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп күтілуде. Айта кетейік, былтыр Гаагадағы сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгуды тұтқындауға санкция берген болатын.
Комментарии