Астана прокуратурасы әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Массагетке сілтеп.
Есіл аудандық полиция басқармасы оның жұбайы Карина Мамаштың арызы негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (“Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе көрінеу дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты азаптау”) бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Дегенмен прокуратура тергеу барысы туралы толығырақ ақпарат беруден бас тартты.
2024 жылы Карина Мамаш “НеМолчи.kz” қоры арқылы 10 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген. Оның күйеуі Сәкен Мамаш сол кезде БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі қызметін атқарған. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, Сыртқы істер министрлігі оны Қазақстанға шұғыл шақыртып алды.
2024 жылдың 28 маусымында Астананың әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәкен Мамашты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Қазіргі таңда тергеу жалғасуда.