Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бас бостандығынан айырылғанына наразы екенін білдіріп, аштық жариялаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазған.
«Мен аштық жариялаймын. Өйткені өзімді әу бастан-ақ кінәсіз деп санадым!» – деген орыс тілінде экс-министр.
Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Экс-министрдің атынан жазылған мәлімдеменің кім жариялағаны белгісіз.
Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алу және «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесін ұйымдастыру кезінде қаржы жымқыру ісі бойынша кінәлі деп танылған болатын.
Алайда ол сот процесінде заң бұзушылықтар болғанын айтып, Президентке де хат жолдаған.