Кенесарының өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісі қамауға алынды

1981
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті әнші Қайрат Примбердиевті қамауға алып, оның елден шығуына тыйым салды. Бұл туралы бүгін, 10 ақпанда 24.kg жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өнер иесі «ұлтаралық араздықты қоздыруға» бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін ұсталған.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу және процессуалдық шаралар жүріп жатыр. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, «ұлтаралық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер» үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Қайрат Примбердиев «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған еді. Кейіннен Қырғызстанның мәдениет вице-министрі Марат Тағаев бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, қырғыздар өз жерін қорғаған Ормон ханның әрекеті үшін кешірім сұрамауы керек екендігін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер