Қазақстандық қажылар үшін жаңа талап енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Air Astana әуе компаниясының хабарлауынша, 10 ақпанынан бастап Медина мен Жидда қалаларына қажылыққа немесе умраға баратын жолаушылар менингококк инфекциясына қарсы екпе алғаны туралы сертификат көрсетуі тиіс.
Қажылыққа немесе ұмраға баратын азаматтар менингококк инфекциясына қарсы екпе алуы тиіс. Егер полисахаридті төртвалентті (ACYW-135) вакцина салынса, ол соңғы 3 жыл ішінде алынған және Сауд Арабиясына барудан кемінде 10 күн бұрын егілген болуы керек. Ал конъюгацияланған төртвалентті (ACYW-135) вакцина салынса, оның жарамдылық мерзімі 5 жыл және ол да сапарға шығудан кемінде 10 күн бұрын егілген болуы қажет.