Трамп АҚШ -Газаға орналасуға дайын екенін айтты

987
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/d63930c8-dd4f-400c-9828-73192e83a3d4-960x500.jpeg?token=df2300f1a76b0d45c4f63aa4deed447e
АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бірге Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Газа секторына орналасуға және ол жердің  экономикасын дамытуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC News-қа сілтеме жасап.
«Біз Газа секторын бақылауға аламыз және онда қауіпті жарылмаған бомбалар мен басқа да қаруларды залалсыздандырып, жерді тегістейміз, қирандылардан тазартамыз. Сонымен қатар, өңірде экономикалық даму мен шексіз жұмыс орындарын және тұрғын үйлер салуды қамтамасыз етеміз», – деді Трамп. Газа секторын ол «жойылуға тиіс аймақ» деп атады. Нетаньяхумен кездесу алдында Трамп Газа тұрғындарын Таяу Шығыстағы басқа аймақтарға көшіру туралы ұсыныс жасады. Ол бұл процесті қаржыландыруды өңірдегі мемлекеттер өз мойнына алуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, палестиналықтарды Египет немесе Иордания аумағына көшіруге болады. «Палестиналықтар Газада басқа амалдары болмағандықтан тұрып жатыр. Қазір бұл тек үйінділерден тұратын аймақ», – деді Трамп. Ол АҚШ-тың Газа секторын «ұзақ мерзімге иеленуін» көздеп отырғанын және бұл аймаққа тұрақтылық әкелуі мүмкін екенін айтты. Нетаньяху Трамптың бұл идеясын назар аударуға тұрарлық деп бағалады. «Израильдің басты мақсаты – Газа аймағының біздің ел үшін қауіп төндірмеуін қамтамасыз ету. Ал Трамп Газа үшін басқа болашақты көріп отыр», – деді Нетаньяху. Ол АҚШ-тың қолдауына алғыс айтып, Трампты «Ақ үйдегі Израильдің ең үлкен досы» деп атады.  
Комментарии