Алмас Кішкенбаевтың соты белгісіз себеппен кейінге қалдырылды

1079
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-01-at-12.31.05-960x500.jpeg?token=002d78ecfae7db05a1e3ae12b7710ef7

Алматыда танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың 3 ақпанда өтуі тиіс соты басқа күнге ауыстырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Kozachkov телеграм арнасында өнер иесінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан еді. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. 31 қаңтарда Алматы қаласының Арнайы ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөліміне («Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу») сәйкес іс қозғағаны анықталды.

«Сот процесі кейінге қалдырылды, жабық режимде өтуіне байланысты оның себебі беймәлім»,- деп түсіндірді  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Комментарии