«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына демалуға барған шетелдік туристер төбелес шығарды. Оқиға 1 ақпан күні болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Демалыс орнына келген қонақтардың бірі кезекті ұзақ күткенін айтып, наразылық білдірген.
«Мас бір топ шетелдік қонақ тау шаңғысы мектебінің қызметкерлерімен жанжалдасқан. Курорттың қауіпсіздік қызметі оқыс оқиғаның жолын кесті. Құқық бұзушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне табысталды. Оқиғаға байланысты дереу ішкі тексеру жүргізілді, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қажетті шаралар қабылданды»,—деп түсіндірді ТШК баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысқан қонақтарға қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды.