Бүгін, 3 ақпанда Түркістан облысының Кентау-Түркістан тас жолының 5-шақырымында «Ауди» маркалы екі бірдей көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан 6 адам оқиға орнында қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Зардап шегушілер Кентау қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды»,—делінген хабарламада.
Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады.