Шойынжолда тағы апат. Отарда жүк пойызы рельстен шығып кетті

1460
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/img_5490.jpeg

Отар стансасында жеке жүк вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 3 ақпан күні сағат 12:20-да болған.

«Отар стансасында 1988 жылы шығарылған жүк вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Рельстен шығып кету басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, 1 ақпанда Қарағанды-Сортировочная стансасында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен еді.

Комментарии