Петропавлда ер адам құдыққа құлап кеткен итті құтқаруға тырысып, өзі тереңге түсіп кеткен. Бұл туралы 2 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ер адам жануарды өз бетінше алып шықпақ болған. Алайда өзі суық суға толы терең ұңғымадан шыға алмай қалған. Достарының шақыртуы бойынша келіп жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды тұзақтан шығарды. Оған медициналық көмек қажет болмады»,—делінген хабарламада.