Бір, екі, үш. Санаулы күнде автогаз бағасы қымбаттайды

1171
Adyrna.kz Telegram
Фото: avto-gaz.kz
Фото: avto-gaz.kz

Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз бағасы көтеріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлтық порталы.

Энергетика министрлігі тауар биржаларынан тыс сатылатын сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын талқылауға шығарды. Бұл шешім өндірушілердің шығынын өтеу мақсатында қабылданғаны хабарланды.

Жаңа бағаға сәйкес, Астана мен Алматы қалаларында автогаздың литрі 84 және 89 теңгеден 102 теңгеге дейін өседі. Шымкентте баға 70 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеріледі. Басқа өңірлерде баға литріне 6-20 теңге аралығында өседі деп күтілуде.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеріледі. Бұл шара өндірушілердің шығынын жабу үшін қабылданып отыр, өйткені қазіргі өндіріс құны тоннасына 65-75 мың теңге болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер