Вашингтон әуежайында әскери тікұшақ пен жолаушылар ұшағы соқтығысты

1830
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Рональд Рейган атындағы халықаралық әуежай маңында әскери тікұшақ пен жолаушылар ұшағы соқтығысып, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fox News-ке сілтеп.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трампқа баяндалғанын Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт БАҚ-қа мәлімдеген.

"Президент Трамп бұл оқиға туралы құлағдар. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әскери Sikorsky тікұшағы мен Bombardier аймақтық жолаушылар ұшағы әуежай маңында соқтығысқан", – деді Левитт.

АҚШ сенаторы Тед Круз апаттың адам шығынымен аяқталғанын мәлімдеді.

Федералдық азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Bombardier жолаушылар ұшағы шамамен 70 адамға дейін тасымалдай алатын әуе кемесі болған. Басқарма әуежайдың барлық рейстерді қабылдау мен жіберуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Оқиғаның алдын ала деректеріне сәйкес, шағын әуе кемесі соқтығыс салдарынан өзенге құлаған.

Қазіргі уақытта апат орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. АҚШ билігі апаттың себептерін анықтауға кірісті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер