Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) басшысының орынбасары төбелес салдарынан ауыр жарақат алып, комаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 28 қаңтар күні Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде орын алған жанжалға прокуратура қызметкері мен МКД өкілдері қатысқан болуы мүмкін деген мәлімет тарады.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне дене жарақаты келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.