Самат Әбіш құтылып, бұйрығын орындадық дегендер тұтылды ма? Депутаттар долбары

1794
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасында көзге түскен даулы тұлғалардың сотталуына депутаттардың пікірі қандай? Осы іске қатысты Назарбаевтың туысы неге жеңіл жазамен құтылды, оның бұйрығын орындадық дегендер еге ұзақ мерзімге сотталды? 

Қаңтардың 27-сінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ «Дикий Арманның» қамқоршысы болды делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті  5 департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов – 15 жылға, ал Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталды. Сот отырысында Руслан Ысқақов өзіне экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің бұйрық бергенін және өзінің сол бұйрықты орындағанын мәлімдеген болатын. Бір қызығы сот экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісін 8 жылға шартты жазамен соттады. Кешегі үкімге байланысты Мәжілістің бір топ депутаттың пікірін білдік.

СОТ МАТЕРИАЛЫМЕН ТАНЫС ЕМЕСПІН – ЕРЛАН СТАМБЕКОВ

 – Арман Жұмагелдиевке шыққан сот үкіміне байланысты не айтасыз?

 – Біріншіден, соттың шешіміне байланысты пікір айтатындай оның ішіндегі материалдармен таныс емеспін. Бірақ меніңше, соттың шешімі заңды түрде жасалған деп ойлаймын. 

– Қаңтар ісі бойынша «Дикий Арман» - 20 жылға, ал Самат Әбіш 8 жылға шарты жазамен сотталды. Осы үкімде әділетсіздік жоқ па?

 – Тағыда қайталап айтайын, соттың материалдарымен таныс емеспін. Сондықтан ол туралы нақты айта алмаймын. Қарау керек. 

ҮКІМ ӘДІЛЕТСІЗ ДЕП ЕСЕПТЕЙМІНЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН

– Арман Жұмагелдиевке шыққан сот үкіміне байланысты не айтасыз?

– Тергеу жұмыстары ұзақ уақыт жүргізілді. Сондықтан тиісті құқықтық органдар, прокуратураның айыптауы орынды деп есептеймін. Өйткені Қаңтар оқиғасы кезінде осы тұлғаға байланысты көптеген мәселелер айтылды. Сот жабық жағдайда өтсе де кей кезде ашық ақпараттар шығып жатты. Сондықтан үкім дұрыс деп есептеймін. 

 – Самат Әбішті 8 жылға шартты жазмен соттау әділетті болды ма?

 –  Әділетсіз болды деп есептеймін. 

Ол неге тиісті жазасын алмады?

 – Бұл сұрақты тиісті құзырлы органдарға қойыңыз. Прокуратура мен Ішкі істер министрілігінің тергеушілері үкімді шығарды ғой. Мен өз басым осыған қатысты үкімді әділетсіз деп есептеймін. 

ОЛ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК ЖАСАДЫ – АМАНЖОЛ ӘЛТАЕВ

– Арман Жұмагелдиевке шыққан сот үкіміне байланысты не айтасыз?

Біріншіден, соттың шешіміне баға бере алмаймыз. Дей тұрғанмен оның үлкен қателік жасағаны ақиқат қой. Бұған дейін «Арманнан алпамыс жасаудың қажеті жоқ» деп айтқан болатынмын. Елі мен мемлекетінің алдында қателік жасады ма, сол жасаған қателігін заңға сай өз мойнымен көтеру керек деп есептеймін. 

– Мысалы Самат Әбіш 8 жылға шартты жазамен сотталды. Яғни ол жазасын үйінде отырып өтейді. Осы екі үкімді салыстырған кезде әділетсіздік байқалмай ма? 

Сот жүйесі мен құқық қорғау саласында әділеттілік болу керек екенін айтып келе жатырмыз. Ал қай тұлғаға қандай жаза тағайындағаны туралы құқық қорғау, оның ішінде сот жүйесінің мойнындағы жауапкершілігіндегі шаруа. 

– Сіздерде жауапкершілік жоқ...

Бізде жауапкершілік жоқ. Өйткені біз сот процесіне араласпаймыз. Араласпағаннан кейін оған «Былай істе, былай істе» деп айтпаймыз. Біздің мемлекетімізде сот жүйесі жазаны тағайындауға да және тағайындағаны үшін жауапкершілікті толық мойнына алу керек деп есептеймін.  

БЕЛГІЛІ ҒОЙ ЖАҒДАЙ – ЕРМҰРАТ БАПИ

– Дикий Арманға кесілген 20 жыл үкімге байланысты не айтасыз?

Қаңтар қырғында команда берген Самат Әбіш жауапкершілікке тартылмайынша қазіргі жазаны әділетті деп айта алмаймын. 

– Самат Әбішті неге жазаға тарта алмай отырмыз?

Белгілі ғой жағдай...

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Продукт, который восстанавливает суставы на 100: Это обычный...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 31 января имеет право получить...
Пікірлер