Димаш Құдайберген халықаралық музыкалық жобада қазылық етеді

2421
Adyrna.kz Telegram
Сурет: dimashnews.com
Сурет: dimashnews.com

Белгілі әнші Димаш Құдайберген «Virtuosos» халықаралық байқауының 10-мерейтойлық маусымына қазылық ету үшін Венгрияның Будапешт қаласына барды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жобаға Венгрия, Австрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген төрт жас талантты музыкант қатысады. Жартылай финалда әр елдің қатысушылары бір-бірімен жұп-жұп болып сайысқа түседі. Содан кейін финалда әр елден бес өнерпаз бір-бірімен кездеседі.

«Сайыстың ең жоғары деңгейі әлемге әйгілі музыка саласы мамандарының жоғары қазылар алқасының құрамы арқылы расталады. Олар әділ бағаларын беру үшін әншінің орындау шеберлігін ғана емес, сонымен қатар қатысушының сахнадағы іс-әрекетін, оның көрермендерге эмоционалды әсерін де ескереді»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр Димаш Құдайберген алғаш рет осы байқаудың қазылар алқасы құрамында болған еді. Отандасымыздан бөлек, төрелік ететіндердің қатарында опера тарихындағы ең ұлы әншілердің бірі және әйгілі дирижер Пласидо Доминго, әлемдегі ең танымал тенорлардың бірі Хосе Каррерас, Андреа Бочеллидің бас менеджері Вероника Берти Бочелли бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер