Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 200-ден астам жұмысшы қаза тапты

2018
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 200-ден астам жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы бүгін, 27 қаңтарда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2023 жылмен салыстырғанда  4,5%-ға төмендеген.

«2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,20 құрады. 1408 жұмыскер зардап шегіп, оның 202-і қаза болды. Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі сақталуда. Мәселен, Қарағанды облысында – 159 адам, ШҚО-да – 124 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Абай облысында – 101 адам, Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам зардап шекті»,—делінген хабарламада.

Пікірлер