Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендердің бәріне пәтер берілмек

1576
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Түркияда 2023 жылғы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендердің бәріне пәтер беріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған азаматтар баспананы жыл соңына дейін алуы тиіс. Соңғы екі жылда 200 мыңнан астам үй салынған. Алдағы 10 айда тағы 252 мың тұрғын үй кешені қолданысқа берілмек.

"Қазірге дейін 11 провинцияда апаттан зардап шеккен адамдардың бәріне 201 мың 431 пәтер кілті табысталды. Жалпы биыл жыл соңына дейін зілзала болған аймақтардың тұрғындарына 452 983 үй бермекпіз. Біз қалаларымызды бұрынғыдан да төзімді әрі қауіпсіз етпейінше тынымсыз жұмыс істей береміз" -деді Түркия президенті.

2023 жылы ақпан айында Қаһраманмарашта болған зілзаладан 53 мыңнан аса адам көз жұмып, 107 мың кісі жараланды. 11 провинцияда жүздеген елдімекен жермен жексен болды.

Пікірлер