“Үйлердің 92 пайызы қираған”. Газаның инфрақұрылымын қалпына келтіру бірнеше жылға созылмақ

2189
Adyrna.kz Telegram
© Al Jazeera
© Al Jazeera

Газа секторы қарулы қақтығыстардан кейін үлкен зардап шегіп, оның инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы БҰҰ-на сілтеп.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Газа секторындағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана толықтай жермен жексен болып, тағы 276 мың үй бүлінген.

Құтқарушылардың айтуынша, атыс тоқтағаннан бері үйінді астынан 162 адамның мәйіті шығарылған. Сонымен қатар, Газа секторы қол-аяғы ампутацияланған балалар саны бойынша әлемде бірінші орынға шыққан.

БҰҰ өкілдері халықаралық қауымдастықты өңірге гуманитарлық көмек көрсетуге шақыруда. Жергілікті билік пен халықаралық ұйымдардың деректері бойынша, инфрақұрылым мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін миллиардтаған қаржы мен ұзақ уақыт қажет болмақ.

Пікірлер