Тағы да апат. Түркияда үш қабатты үй құлады

1486
Adyrna.kz Telegram

Түркияның Кония провинциясында үш қабатты тұрғын үй опырылып, адамдар үйінді астында қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы TRT Haber арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Селжүклі ауданындағы Бейшехир көшесінде орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, ғимарат күтпеген жерден опырылған. Қазіргі уақытта оқиға орнында Табиғи апаттарды басқару агенттігі, төтенше жағдайлар қызметі және полиция өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Кония губернаторы Ибрагим Акынның мәліметінше, ғимараттан шыққан екі тұрғын өздерінің бес туысының үйінді астында қалғанын хабарлаған. Құтқарушылар қазір қирандылар астынан тұрғындарды іздестіруде.

Оқиға орнына жедел түрде 200 құтқарушы жұмылдырылды. Қазіргі таңда үйінді астынан үшінші адам аман-есен шығарылғаны белгілі болды. Кония прокуратурасы бұл жағдайға байланысты тергеуді бастады.

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Көпқабатты үйдің құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Айта кетейік, бұл Түркияда соңғы күндері болған жалғыз төтенше жағдай емес. Бұған дейін Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортында болған өрттен 76 адам қаза тапқаны хабарланған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер