Ұшқыштар аман. Иранда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады

1244
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/whatsapp-image-2025-01-22-at-18.40.45.jpeg
Бүгін, таңертең Иранда  жойғыш ұшақ апатқа ұшырады. Оқиға елдің бастыс аймағында орын алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Иран армиясының әскери-әуе күштері ресми  хабарлаған. Ұшқыштар апаттық шығу арқылы шығып үлгеріп, аман қалған. "22 қаңтарда Иран армиясының әскери-әуе күштеріне тиесілі оқу ұшағы оқу-жаттығу тапсырмасын орындау кезінде Хамадан провинциясында апатқа ұшырады. Ұшақтың екі ұшқышы да дін аман", - делінген әскери-әуе күштерінің хабарламасында. Хамадан провинциясы губернаторының орынбасары Хамзе Амраи Tasnim агенттігіне әскери ұшақ сәрсенбі күні таңертең Кебудрахенг қаласы маңында оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырағанын айтқан. Кебудрахенг қаласы Хамадан провинциясының орталығынан 60 км солтүстік-батыста орналасқан. БАҚ мәліметінше, ұшқыштар жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Комментарии