Әуежайда түкірген. Шетел азаматын Алматы-Шымкент рейсінен түсіріп тастады

1385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/db39a668-6ec2-491e-99d7-acb7a8bfa3e9-960x500.jpeg?token=a52c9a64cf8128e63da58870c45a37f5

Алматы-Шымкент рейсінен әуежайда түкірген Қытай азаматы шығарылды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Алматы қаласы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы – Шымкент рейсімен ұшқалы жатқан 34 жастағы Қытай азаматын ұстады. Тексеру барысында анықталғандай, бұл азамат күту залында отырғанда қоғамдық орынға түкіріп, адамдарға деген құрметсіздік танытып, жалпы пайдалануға арналған орынды

ластады. Құқық бұзушы қоғамдық орындарды ластағаны үшін 5 МРП (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынып, рейстен түсірілді», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары биылғы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаменті түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5249 тұлғаны жауапқа тартқанын, соның ішінде қоғамдық орындарды ластаған 499 адам болғанын еске салды.

Комментарии