Қазақстан мен Қытай шекарасы бес күнге жабылады

1208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_7393-960x500.jpeg?token=b989e3cc76652e39d24a100a5a249ce1

Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 27 қаңтардан 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы бүгін, 20 қаңтарда Мемлекеттік кірістер комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚХР-да Көктем мерекесіне байланысты 27 қаңтар күні сағат 20:00-ден 1 ақпан күні сағат 08:00-ге дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады»,—делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Комментарии