Үш елде Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

1324
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_4302-960x500.jpeg?token=f823819444381ddddb97fa912c2d398a

Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты үш елде жекелеген қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы Әзербайжанның бас прокуроры Кямран Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, тергеу шаралары Ресей, Әзербайжан және Қазақстанда жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан, Әзербайжан және Ресейдің тиісті құрылымдары дәлелдерді жинады, олар кейіннен кінәлі адамдарды анықтау үшін бірлесіп талданады. Қазіргі таңда Ресейдің тергеу комитеті мен Бас прокуратурасы осы бағытта тиісті тергеу іс-шараларын жүргізу үстінде»,—деді ол.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан 38 адам қаза тапты.

Комментарии