Министрлік мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады

1090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/img_4869.jpeg

5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Бұл туралы бүгін, 20 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оларды пайдалану үшін полицияда тіркелу, А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеру, азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.

«Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға жүгіну керек. Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажет мемлекеттік баждарды төлеу міндетті»,—делінген хабарламада.

Министрлік 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынатынын атап өтті.

Комментарии