Әзербайжандағы «Қаралы қаңтар» оқиғасына 35 жыл толды

1758
Adyrna.kz Telegram

20 қаңтар — Әзербайжанда тоталитарлық тәртіптің құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кеңес Одағы ыдырай бастаған 90-шы жылдары армяндардың шабуылдары мен аумақтық талаптарының артуына қарсы көтерілген Әзербайжан халқы 1990 жылы 20 қаңтар күні шабуылдарға наразылық білдіру үшін Бакуде жиналған еді. Алайда басқыншы армяндарды тоқтатады деп күткен Кеңес армиясы бейбіт наразылық білдірген әзербайжандықтарды нысанаға алды. 

Осылайша КСРО басшылығының бұйрығымен 26 мың адамдық кеңес әскері Баку, Сұмғайыт және Әзербайжанның басқа да қалаларына басып кірген болатын. Бұл әскери араласудың нәтижесінде 147 бейбіт тұрғын қаза тауып, 744-і ауыр жарақатқа ұшырады.

1994 жылдың ақпан айында өткізілген Милли Меджлистің арнайы отырысында 1990 жылдың 20 қаңтары күні бейкүнә адамдардың айуандықпен өлтірілуі әскери агрессия және қылмыс ретінде бағаланып, 1994 жылдың наурызындағы талқылаулар нәтижесінде «1990 жылдың 20 қаңтары күні Баку қаласында болған қайғылы оқиғалар туралы» шешім қабылданды.

Оқиға қазіргі Әзербайжан тарихына «Қаралы қаңтар» деген атпен енді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер