2025 жылдың қаңтар айынан бастап Еркежан Тұрсынбаева Қазақстан Республикасының Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының вице-президенті қызметіне кірісті. Ол елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды қолға алды.
Еркежан Тұрсынбаеваның жетекшілігімен қауымдастық Қазақстанның әр аймағында әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақты желісін құруға бел шеше кірісті. Ұйымның басты мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, олардың қызметін қолдау және дамыту.
Бұл бағытта қауымдастық әлеуметтік кәсіпкерлік туралы Заңның әзірленуіне белсенді атсалысып, кәсіпкерлерге түрлі преференцияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында білікті мамандарды даярлау үшін Қазақстанда алғаш рет магистрлік бағдарлама іске қосылды. Қауымдастық әлеуметтік кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік құралдар әзірлеп, оларды қолданысқа енгізуде.
Қауымдастық өңірлердегі кәсіпкерлерге арналған воркшоптар, мастер-класстар, тренингтер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлер арасында тиімді байланысты нығайту мақсатында арнайы семинарлар өткізуде.
Ұйым Орталық Азия елдерімен, соның ішінде Тәжікстан мен Өзбекстанмен серіктестік орнатып, тәжірибе алмасу сапарлары мен халықаралық консультациялар ұйымдастыруда. Бұл бастамалар аймақтық және жаһандық деңгейде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.
Қауымдастықтың ең маңызды шараларының бірі – жыл сайынғы Әлеуметтік кәсіпкерлік құрылтайы. 2023 жылы 400-ден астам қатысушы жинаған бұл шараның 2024 жылы ауқымы кеңейіп, 700-ден аса адам қатысқан Еуразиялық құрылтайға айналды. Мұндай жиындар әлеуметтік кәсіпкерлерге тәжірибе алмасып, жаңа мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік береді.
Еркежан Тұрсынбаеваның басшылығымен қауымдастық Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына тың серпін беруде. Заңнамалық қолдау, білім беру бастамалары және халықаралық ынтымақтастық арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік саласы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.