Әділет министрлігі депутаттардың шағымынан кейін көлікті ұзақ қыздыру нормасын қайта қарастырмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлімдеді.
Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады. Ал оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.
"Егер депутаттық сұрау осы тақырыпта түскен болса, бұл мәселе анықталып талқыланады. Қосымша нәтижелер қарау қорытындысы бойынша хабарланады", - вице-министр Ботагөз Жақселекова.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар аязды уақытта көлікті 5 минуттан артық жылытуға салынатын айыппұлдарды қайта қарауды сұраған. Оған себеп - ауа райының суықтығы.
Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережелерінің 88-бабы 5-тармағына сәйкес елді мекендерде қозғалтқышы қосулы көліктердің тұруы, егер ол тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тыйым салынады.
Бұл талапты бұзған көлік жүргізушілеріне 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.