2024 жылы Бұқар жырау ауданында негізгі капиталға 48 млрд теңге инвестиция салынды. Оның 41 млрд теңгесі – жеке инвестициялар. Қаржы негізінен кәсіпорындарды жаңғыртуға, құрылыс пен техника сатып алуға жұмсалды.
Ірі жобалар қатарында:
«Қарағанды Power Silicon» ЖШС – 12 млрд теңге;
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – 18 млрд теңге;
«Қазақавтожол» ЖШС – 2,9 млрд теңге;
«Power Blast» ЖШС – 900 млн теңге.
2025 жылы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында
21,8 млрд теңгеге 4 жаңа жоба іске қосылады. Олар алюминий радиаторлар, сэндвич-панельдер, су есептегіштер және теміржол бөлшектерін өндіретін зауыттар.
Сондай-ақ, қуаттылығы 500 МВт жел электр станциясы салынады. Жобаның құны – 336 млрд теңге. Құрылыс Баймырза, Тұзды ауылдарында және Ғабиден Мұстафин, Ақтау кенттерінде жүргізіледі.
Бұл жобалар Бұқар жырау ауданының экономикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз