Қазақстандық Apple компаниясының Орталық Азия мен Армениядағы басшысы болды

132
Adyrna.kz Telegram
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Ақтөбелік Әділхан Қопабаев Apple компаниясының Орталық Азия мен Армениядағы басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ақтөбелік 29 жастағы Әділхан Қопабаев әлемге әйгілі Apple компаниясының Орталық Азия мен Армения аймағындағы қызметін басқаратын жетекші ретінде тағайындалды. Жаңа қызметін ол Дубайдағы кеңседен атқаратын болады. Бұл жаңалықты Әділхан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Әділхан Қопабаев 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технологиялар институтын (UNIST) «қала инженері және технологиялық менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірген. Оқу кезінде ол UNIST Global Uni-Star атты беделді стипендияның иегері атанды.

2021 жылы АҚШ-тың Провиденс қаласындағы Браун университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алып, Рокфеллер қорының стипендиясын жеңіп алды.

Apple компаниясына дейін Әділхан халықаралық консалтингтік және IT компанияларда қызмет атқарған. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығын» басқарды және мұнай-газ саласының «Жағдайлық-талдау орталығы» басқармасының төрағасы болды.

2024 жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты кеңесінің құрамына енді.

Әділхан Қопабаевтың Apple компаниясының аймақтық басшысы болып тағайындалды.

Пікірлер