Өзбекстанда 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерге тыйым салынады

1373
Adyrna.kz Telegram
Фото: stg-mos.ru
Фото: stg-mos.ru

Өзбекстан 2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерді өндіру, импорттау және қолдануға толық тыйым салуды көздеп отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шара елдегі пластикпен ластануды азайтуға арналған ұлттық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады.

2025-2027 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама жобасында экологиялық қауіпсіз, биоыдырайтын пакеттерді қолдануды ынталандыру қарастырылған. Сонымен қатар, пластик құрамындағы зиянды химиялық заттарды шектеу және қайта өңделген пластикті пайдалану міндеттемелері енгізілмек.

Президент жарлығының жобасына сәйкес, 2025 жылдың қарашасына дейін пластик қаптамадағы өнімдерді өндірушілер мен импорттаушыларға талаптар қойылмақ. Нақтырақ айтқанда, пластик қаптаманы қайта қабылдау жүйесін ұйымдастыру, пластикті жинау және қайта өңдеу үшін арнайы пункттер құру және пластик қаптама үшін утилизациялық алым енгізу көзделеді.

Әлем бойынша қазірдің өзінде 100-ден астам мемлекет полиэтилен пакеттерді қолдануға шектеу енгізген. Өзбекстандағы бұл бастама Қырғызстанның 2027 жылға жоспарланған полимер пакеттер мен пластик бұйымдарға тыйым салу шараларымен қатар жүзеге аспақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер