Әділет министрі болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды

275
Adyrna.kz Telegram
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Әділет министрі болып Талғар ауданының тумасы тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды”, делінген хабарламада.

Президент Тоқаев әділет министрі Есқараевты отставкаға жіберді. Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына 2023 жылдың сәуірінде қайта тағайындалған.

Ерлан Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Октябрь ауылында дүниеге келген.

2002-2005 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің кеңесшісі, содан кейін сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2005-2011 жылдары Сенат Аппаратында жұмыс істеді, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ Әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі комитетпен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Даму.

Кейіннен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Заң департаменті бастығының орынбасары және бастығы, Парламент Сенаты Аппаратында әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Сенат Аппараты басшысының орынбасары болды. Ал 2019-2022 жылдары Сенат Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімін басқарды.

Пікірлер